Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы(https://primeminister.kz/kz)

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа

Қаз

Қаз(https://primeminister.kz/kz/gossymbols/o-gosudarstvennyh-simvolah)

Рус(https://primeminister.kz/ru/gossymbols/o-gosudarstvennyh-simvolah)

Eng(https://primeminister.kz/en/gossymbols/o-gosudarstvennyh-simvolah)

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа

ҚAЗ(https://primeminister.kz/kz/gossymbols/o-gosudarstvennyh-simvolah)

РУС(https://primeminister.kz/ru/gossymbols/o-gosudarstvennyh-simvolah)

ENG(https://primeminister.kz/en/gossymbols/o-gosudarstvennyh-simvolah)

Әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды қадағалаңыз

-->

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер — бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы(https://primeminister.kz/kz/gossymbols/gosudarstvennyy-flag-respubliki-kazahstan)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған.