Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы(https://primeminister.kz/kz)

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа

Қаз

Қаз(https://primeminister.kz/kz/gossymbols/gosudarstvennyy-gimn-respubliki-kazahstan)

Рус(https://primeminister.kz/ru/gossymbols/gosudarstvennyy-gimn-respubliki-kazahstan)

Eng(https://primeminister.kz/en/gossymbols/gosudarstvennyy-gimn-respubliki-kazahstan)

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа

ҚAЗ(https://primeminister.kz/kz/gossymbols/gosudarstvennyy-gimn-respubliki-kazahstan)

РУС(https://primeminister.kz/ru/gossymbols/gosudarstvennyy-gimn-respubliki-kazahstan)

ENG(https://primeminister.kz/en/gossymbols/gosudarstvennyy-gimn-respubliki-kazahstan)

Әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды қадағалаңыз

-->

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Гимн — мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет — 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы гимінің музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды.