Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы(https://primeminister.kz/kz)
Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Қаз
Қаз(https://primeminister.kz/kz/kazakstan-respublikasynyn-ukimetinde-zhurnalisterdin-bukaralyk-akparat-kuraldary-okilderinin-katysuymen-is-sharalar-otkizu-reglamenti-623055)
Рус(https://primeminister.kz/ru/kazakstan-respublikasynyn-ukimetinde-zhurnalisterdin-bukaralyk-akparat-kuraldary-okilderinin-katysuymen-is-sharalar-otkizu-reglamenti-623055)
Eng(https://primeminister.kz/en/kazakstan-respublikasynyn-ukimetinde-zhurnalisterdin-bukaralyk-akparat-kuraldary-okilderinin-katysuymen-is-sharalar-otkizu-reglamenti-623055)
Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
ҚAЗ(https://primeminister.kz/kz/kazakstan-respublikasynyn-ukimetinde-zhurnalisterdin-bukaralyk-akparat-kuraldary-okilderinin-katysuymen-is-sharalar-otkizu-reglamenti-623055)
РУС(https://primeminister.kz/ru/kazakstan-respublikasynyn-ukimetinde-zhurnalisterdin-bukaralyk-akparat-kuraldary-okilderinin-katysuymen-is-sharalar-otkizu-reglamenti-623055)
ENG(https://primeminister.kz/en/kazakstan-respublikasynyn-ukimetinde-zhurnalisterdin-bukaralyk-akparat-kuraldary-okilderinin-katysuymen-is-sharalar-otkizu-reglamenti-623055)
Әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды қадағалаңыз
-->
Қазақстан Республикасының Үкіметінде журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) қатысуымен іс-шаралар өткізу регламенті
Қазақстан Республикасының Үкіметінде (бұдан әрі – Үкімет) журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) қатысуымен іс- шаралар өткізу регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Респбликасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен бекітілген Журналистерді «бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидаларының 12-тармағына сәйкес әзірленді.
Регламент Үкіметте журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) қатысуымен баспасөз конференцияларын, брифингтер өткізу, сұхбаттар алу, баспасөзге шығу, пікір білдіру және басқа да іс-шаралар өткізу кезінде іс-шараларға қатысушылардың бәріне іскерлік жұмыс ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Үкіметтегі іс-шараларға қатысушылардың бәрі өзара қарым-қатынаста бір- бірінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге және кәсіптік әдептілік нормаларын сақтауға міндетті.
Үкіметтің Баспасөз қызметі:
журналистердің (БАҚ өкілдерінің) қатысуымен өтетін алдағы іс-шара туралы алдын ала хабарлауды;
журналистердің (БАҚ өкілдерінің) кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін тиісті жағдай жасалуын қамтамасыз етеді.
Журналистердің (БАҚ өкілдерінің) қатысуымен өтетін іс-шараларды реттеу міндеттері модераторға жүктеледі.
Үкіметтің Баспасөз қызметінің жетекшісі айқындайтын қызметкер модератор болады.
Модератор журналистердің (БАҚ өкілдерінің) қатысуымен өтетін іс- шараны өткізу тәртібін, оның ішінде ұзақтығын, БАҚ өкілдері тарапынан спикерлерге қойылатын сұрақтардың саны мен сұрақ қоюға ниет білдіргендердің кезектілігін және өзге де шарттарды айқындайды.